КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

 Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлім

 

         Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімі З.Ғұмаров көшесі 88 «а» мекен жайындағы Зағиптар қоғамының мекемесінде орналасқан.   

         Арнаулы бөлім мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпараттарға еркін қол жеткізуі, оқып білім алуы үшін жағдай жасауда түрлі басылымдағы кітап қорларына (нүктелі-бедерлі қаріпте, дыбыстандырылған, жайпақ баспа қаріпте, электронды ресурстар) қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

  Арнаулы әдебиеттер, яғни дыбыстандырылған және нүктелі-бедерлі әдебиет  түрлері Алматы  және Шымкент қаласының арнайы кітапханаларының дыбыс жазу студияларынан және баспаханаларынан алынып тұрады. Сонымен қатар, Ресей баспаларынан шығатын нүктелі-бедерлі кітаптар,  мерзімді басылымдармен толықтырылады. Бөлімде жаңа әдебиеттер насихатталып, мерейтойлар мен мерекелерге арналған мәдени шаралар болып тұрады.

 

         Арнаулы бөлімнің көрсететін қызмет түрлері:

Абонемент

    Үйге қызмет көрсету және сырттай оқитын абонементтер;

    Кітапханада арнайы  компьютер және тифлотехниканы қолдануға беру;

    Брайль жүйесі бойынша жазу және оқыту үйірмесі;

    Дауыстап оқу үйірмесі;

    Кітапханаға байланысты анықтамаларды дайындау, оқырмандарға қажет   

    материалдарды, кітаптарды нүктелі-бедерлі қаріп түрінде  шығару;

Оқырмандарға кітапханада фонотека, оқу залы, абономент бөлімдері қызмет көрсетеді.

         Сондай ақ, зағиптар арасында сауатсыздықты болдырмау мақсатында зағиптарға арналған Брайль әліппесімен оқытатын үйірме қызмет көрсетеді. Үйірмеде көрмейтін және көру қабілеті нашар балаларды мектепке дайындау мақсатында және бертін келе зағиптыққа ұшыраған жандарды Брайль әліппесімен оқу-жазуға үйретіледі.

         Сонымен қатар дауыстап оқу үйірмесі қарқынды жұмыс жасайды. Аптаның сәрсенбі күні кітапханада немесе клубта, бейсенбі күні арнаулы оқу-өндірістік кәсіпорында қызмет ететін зағип жандар үшін газет-журналдардан әр түрлі тақырыптағы деректерді кітапхана қызметкерлері дауыстап оқып береді.

         Үйге қызмет көрсету абонементі (денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиын жандарға) сұраныстары бойынша әдебиеттер таңдалып, үйлеріне жеткізіледі. Аудан оқырмандарына сырттай абонемент қызмет көрсетеді. Олар үшін арнаулы кітаптар почта арқылы жіберіледі. 

Бөлім меңгерушісі: Каражанова Ботагоз Жолдасовна

Тел.: 8/7122/ 21-13-86

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер