Бүгін Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шарада Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы арнайы кітап көрмесін шара қонақтарының назарына ұсынды.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестігінің «Тхоньиль», «Иверия» би ансамбльдері, «Зоренька» вокалды ансамблі, «Қарақат» мектеп студиясының жетігеншілер ансамблі, Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайының өнерпаздары Ардақ Дүзелбайқызы, Аружан Қуатова, Фатима Кәрім, Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әншілері Азамат Ізниев, Ақмарал Кәдірбаева, Медет Қарамырза, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Оралбек Айтақов және Айсұлу Қаныбекова, қала, аудан өнерпаздары мен «Мерует», «Жайық қызы», «Жұлдыз», «Камелия» «Халықтық» би ансамбльдері өнер көрсетті.