КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

11.07.2025

11 шілде күні кітапханада «100 кітап» ұлттық сауалнамасы аясында зиялы қауым өкілдерінің оқырмандармен кездесуі өтті.

Кездесу барысында шара модераторы, кітапхана басшысы - Сара Салахединқызы «100 кітап» ұлттық сауалнамасының әлеуметтік маңызы мен кездесудің басты мақсаты туралы сөз сөйледі.

Кездесуге зиялы қауым өкілдерінен  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бірқатар оқытушы профессорлары мен Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық өкілі  Дәулетбаева Алия қатысып өз пікірлерімен бөлісті.

Қазіргі уақытта елдегі әдеби мұраны сақтау және дамыту мақсатында отандық авторлардың 100 ең үздік кітабы туралы  жалпыұлттық сауалнама жүргізілуде.

Сауалнамаға оқырмандар «Электронды үкімет» инфрақұрылымы Egov.kz ресми порталы арқылы қатыса алады.

Аталған жалпыұлттық сауалнама нәтижесін 10 тамыз – Абай күнінде жариялау жоспарланып отыр. Іріктелген үздік «100 кітап» ұлттық зияткерлік әлеуетін арттыруға және қазақ әдебиетінің рөлін күшейтуге септігін тигізері анық.

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер