КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Руханият ордасында меценат, жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Жалғасқали Дүтмағанбетовтың «1812 жыл: соғыс және бейбітшілік» және «Жорық жырлары» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Кітапхана басшысы С.Измұханбетова шараны ашып, кітап таныстырылымының маңызына тоқталса, шара модераторы Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы, өлкетанушы Өтепберген Әлімгерейұлы кітапхана қорын жаңа кітаппен толықтырған автордың шығармашылығы мен тарихқа жанашырлығын тілге тиек етіп, ұрпаққа үлгі тұтар тұстарын атап өтті.

Аталмыш кітаптардың лентасын ғалым, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессоры, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстанның үздік өлкетанушысы, Махамбет сыйлығының иегері Амангелді Шамғонов пен еңбегі сіңген мұнайшы, зейнеткер Нұрымбай Ақтуров қиып, жаңа кітаптар туралы пікірлерін білдірді. 

Шараға өлкемізге танымал ақын-жазушылар мен зейнеткер ұстаздар және кітапхана оқырмандары қатысты.

Шарада Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық оркестрінің домбырашысы, Республикалық конкурстардың лауреаты Ерғанат Баймұратов Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр қылыш» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін күмбірлете орындап, шара қонақтарының қошеметіне бөленді.

Көпшілік назарына ұсынылып отырған автордың «1812 жыл: соғыс және бейбітшілік» кітабында оқырман екі жүз жылдан астам уақыт бұрынғы батыр бабаларымыздың Европаның төрі – Парижге дейін Напалеон әскерін тықсыра қуып барған  ерлік әңгімелерімен танысса, «Жорық жырлары» атты кішкентай жинақта Махамбет Өтемісұлының өлеңдері жарық көрген.

  

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1098871077913241/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер