Тіліңізді таңдаңыз

КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

16.10.2025

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті жазушысы, өлкемізге белгілі кәсіпкер, меценат Дүтмағанбетов Жалғасқали Мұсағалиұлының адамзат тарихындағы ең алапат қырғынның бірі саналатын 1812 жылғы орыс-француз соғысы туралы жазылған «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік» деп аталатын үшінші кітабының (қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде) тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітаптың тұсауын Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның құрметті жазушысы, ҚР Ақпарат саласының үздігі,  Қызылқоға ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның үздік өлкетанушысы Төлеген Жаңабайұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері – Шамғонов Амангелді Шамғонұлы, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, білім саласының ардагері Серік Сапанов, Құрманқұлдың ұрпағы зейнеткер Сатаев Сағындық кесті.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысып, жаңа кітап туралы ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әншісі Сәрсенов Бақытбек әсем әнімен іс-шара қатысушыларына жақсы көңіл-күй сыйлады.

https://www.instagram.com/p/DP39f6iijut/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер