26.11.24
«1812 жыл: Соғыс және бейбіт
Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында меценат, жазушы ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жалғасқали Дүтмағанбетовтың осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын батыр бабаларымыздың Наполеон әскерін Европаның төрі - Парижге дейін тықсыра қуып барған ерлігі жөнінде жазылған «1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік» деп аталатын екінші кітабының (қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде) тұсаукесер рәсімі өтті.
Кітаптың тұсауын ақын, Махамбет сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облысы филиалының директоры Әлия Дәулетбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі Қадыр Жүсіп, Атырау облысының Құрметті азаматы, профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Қосыбек Ырзағалиев, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі Амангелді Шамғонов кесті.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысып, жаңа кітап туралы ойларын ортаға салды.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1997499784085444