30.04.25
Бүгін Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесін таныстырды.
Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ алтын қазынасы. Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде.
Кітапханашы Айман Ізденқызы кітапхана қорындағы ақынның шығармашылығы топтастырылған бірқатар әдебиеттермен таныстырып, Абай Құнанбайұлының шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болғанын, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер еткенін атап өтті.