08.05.25
Бүгін Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Атырау облысы бойынша филиалының» қызметкерлеріне қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесін таныстырды.
Кітапханашы Айман Ізденқызы кітапхана қорындағы ақынның шығармашылығы топтастырылған бірқатар әдебиеттермен таныстырып, Абай Құнанбайұлының шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болғанын, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер еткенін атап өтті.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/2808704772664016/