Бүгін Абай атындағы оқушылар орталығы алаңында 10 тамыз – Абай күніне орай Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шарада сүбелі сөз ғана емес, өлмейтұғын ән қалдырған Абай жырларын, Абайға арналған жырларды өңір өнерпаздары орындады.
Сонымен қатар Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Абай дара, Абай дана қазақта» атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды. Кітап көрмесіне Абай Құнанбаевтың шығармалары, қара сөздері мен өлеңдері, аудармалары және ол туралы әдебиеттер қойылды. Көрменің негізгі мақсаты қала тұрғындарына Абай Құнанбаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, адамгершілікке, ұлтты сүюге тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1015176443177135/