20.11.25





Бүгін кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Әбу Сәрсенбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Әбу Сәрсенбаев – қазақ әдебиетінің Айвазовскийі» тақырыбында ғылыми – тақырыптық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты қаламгердің шығармашылық алып тұлғасын ақын, жазушы, аудармашылық қырынан кеңінен таныстыру.
Конференцияға ұсынылған мақалалар мен баяндамалардың тақырыптық бағыттары кемеліне келген лирик ақынның поэзиясын, прозасын және аудармасын қамтыды.
Баяндамашылар:
Гүлзада Ниетқалиева – ақын, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі
Тақырыбы: «Мәңгілік мұра»
Есмұхан Жанизин – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Тақырыбы: Атажұрттың абызы
Нариманова Жадыра Нариманқызы «Атырау – Ақпарат» ЖШС Индер аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі
Тақырыбы: Отты жылдар бейнесі
Нұржанова Райхан Қанатқызы – Жалпы білім беретін №43 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Педагогика ғылымдарының магистрі
Тақырыбы: Туған өлке поэтикасы: Әбу Сәрсенбаевтың «Туған жер» және «Атырау суреті» өлеңдеріндегі көркемдік әлем
Кенжебай Айнұр Азаматқызы – Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының III курс студенті
Тақырыбы: Әбу Сәрсенбев прозасындағы ұлттық рух пен адам тағдыры
Құлбатыров Қуанышбек – Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенті
Тақырыбы: Жан толқытатын жырлары кемеліне келген ақын поэзиясы
Конференцияға ақын-жазушылар, кітапханашылар, колледж, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар мен студенттер, мектеп мұғалімдері, оқушылар және кітапхана оқырмандары қатысты. Конференция материалдары жинақ түрінде шығарылды.


































