Қазақ ғылымындағы біртуар тұлға, ел мен жердің тарихы мен мәдениетін өскелең ұрпаққа таныту, оның өмірін жастарға үлгі ету, ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында өлкетанушы, географ, этнограф-ғалым Серікбол Қондыбайұлының туғанына 55 жыл толуына орай «Аққан жұлдыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне №40 мектеп оқушылары мен Атырау жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Серікбол Қондыбайды зиялы қауым «қазақтың екінші Шоқаны» дейді. Өйткені оның ғұмыры тым қысқа болды. Бірақ бар өмірін қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға аянбай еңбек етті. Өзіне дейінгі ғалымдардың тісі бата қоймаған осы қиын да күрделі, терең де ауқымды мәселеге тайсалмай қалам тартты. Кітап көрмесінде Серікбол Қондыбайұлының әр жылдары жарық көріп, оқырмандардың, ғалымдардың қызығушылығын тудырып, қолдауына ие болған ғылыми еңбектері мен өмірбаяны, баспасөз бетіне жарияланған материалдары туралы таныстырылды.