Кітапханада өзіндік жырларымен қазақ поэзиясында өрнек салған ақиық ақын Нұралы Әжіғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Ақынның мәнді ғұмыры – ұрпаққа үлгі» атты еске алу кеші өтті.
Кешке ақынның жары Қорлығайын Дүсіпқызы және ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, университет қабырғасында Нұралы Әжіғалиевпен бірге оқыған курстасы Жүсіп Қадір Өтегенұлы, ақынның інісі Сүйнешов Зұлпұхар Мақсотұлы, облыстың құрметті азаматы Ғаббас Хисметұлы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Исатай ауданының құрметті азаматы Қарабаев Бақберген Қасымұлы қатысып, Нарынның наркескен ақынының өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры Жұмазия Мажитқызы студенттерімен және осы университет жанындағы «Ұстаз» дарынды ер балаларға арналған мектеп-интернаты директорының бейіндік орынбасары Сисенов Қайрат Тынымжанұлы өзінің шәкірттерімен ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1207365543940984/