





Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «KPI Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесінде ұлттық мереке 25 қазан - Республика күніне орай «Әлем таныған байтақ елім» атты арнайы кітап көрмесін таныстырып, насихаттады.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған кітап көрмесіне «KPI Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесінің қызметкерлері қатысты. Кітап көрмесіне тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістер және рухани әлемін танытатын танымал авторлардың ғылыми зерттеу, әдеби еңбектері оқырман назарына ұсынылды.


































