КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

27.02.25

Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген жарқын мереке – Алғыс айту күніне орай руханият ордасында «Алғыс – барлық ізгі істің бастауы» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды.

2016 жылы 14 қаңтарда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында 173 жарлыққа қол қойып, 1 наурызды елімізде алғыс айту күні ретінде жариялаған еді. Алғыс айту күні күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Бұл күн қазақтардың ынтымақтастығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі.

Кітапханашы Ақмарал Рүстембекқызы атаулы мерекенің шығу тарихы мен бұл күннің маңызына тоқталды. Кітап көрмесімен кітапхананың тұрақты оқырмандары, оқушылар мен студенттер танысты.

Қатысқан оқырман саны – 50

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер