12.02.2025
«Алты Алаштың ардағы» кездесу
Бүгін «АMANAT» партиясының қолдауымен «КІТАП AMANAТ» партиялық жобасы аясында Қазақстанның көрнекті жазушысы, тарихи роман жазудың шебері Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Алты Алаштың ардағы» атты зиялы қауым өкілдерінің жастармен, оқырмандармен мәдени – рухани және танымдық – ағартушылық бағытындағы кездесу өтті.
Қазақ әдебиеті дамуының тарихында жазушы Ілияс Есенберлиннің алатын орны ерекше. Ол туған жеріне, өскен еліне шығармашылық алапат еңбегімен, талмас талантымен танылған ардақты азамат, ірі қаламгер.
Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жалмұханов Жасқыран Сәлімжанұлы кештің маңызына тоқталса, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің Үздігі, Қазақстан Жазушылар Одағы және Журналистер Одағының мүшесі, халықаралық «Махамбет» сыйлығының иегері, Атырау облысының Құрметті азаматы Қадыр Жүсіп Өтегенұлы Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы туралы ой-пікірін ортаға салды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Қазақстан және дүние жүзі тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аманкелді Шамғонов жазушының трилогиясының «Көшпенділер» деп аталуы төңірегінде ой тербесе, жазушы, меценат, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жалғасқали Мұсағалиұлы Дүтмағанбетов Ілияс Есенберлиннің ерекше тұстары туралы ой қозғады.
Сонымен қатар кездесуге Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі мен Атырау жоғары медицина колледжінің студенттері қатысты.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1280294279898384/