Бүгін елімізде татулық пен сыйластықтың белгісі – Көрісу күні, Амал мерекесі атап өтіледі.
Бұл – халқымыздың ырыс-ынтымағын, береке-бірлігін арттыратын ерекше мейрам.
Амал немесе Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғасады. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.