26.09.24
Композитор Жақсыгелді Сейіловтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ән ғұмыр» атты әдеби сазды сағат өтті. Кешке Ә.Кекілбаев атындағы мектеп лицей мен Ә.Фараби атындағы «Бином» мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.
Әдеби сазды сағатта әнші-орындаушы, әуесқой композитордың өмірбаяны мен әндері оқырмандарға таныстырылды. Теледидардан композитордың жүрек сезімін қозғайтын перзенттік борыш пен мейірімділікке, сағынышқа толы «Айналайын, қанатым», «Әке туралы ой», «Ана туралы баллада», «Кездесу», «Жезкиік» атты жанды дауыста музыкалық шығармалары тыңдалды. Арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі де оқырмандарға таныстырылды.