24.11.25






Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында қазақ ән өнерін жаңа биікке көтерген Қазақстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Әр жүректі тербеген әсем сазы» тақырыбында әдеби сазды сағат ұйымдастырылды.
Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен өнері қазақ мәдениетінің биік шыңы, ал оның шығармалары халқымен бірге жасайтын мәңгілік әуен. Әдеби кеште композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалып, әндері шырқалды. Сонымен қатар осы тақырып аясында жасақталған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің сарбаздары, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледжінің ұстаздары мен студенттері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.


































