КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

24.02.25               

 

Биыл қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл. Осыған орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Ассамблея – татулықтың темірқазығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына ұйытқы болды.

Шараға Облыстық ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім КММ бөлім басшысы К.Е.Мусагалиева, Атырау облысы Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Т.Әбіш, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі С.В.Фадина, «Алия» Еврей этномәдени бірлестігінің мүшесі, ҚХА ардагері И.Д.Ухова, «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігі, Аналар кеңесінің төрайымы Рахметова Айжан, «Ақсақалдар» кеңесінің төрағасы Кеңес Темірұлы, Аналар кеңесінің мүшелері, Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жалпы білім беретін №43 орта мектеп ұстазы Райхан Қанатқызы мен оқушылары, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж студенттері қатысты.

Шара барысында Атырау облысы ҚХА «Ақсақалдар» кеңесінің төрағасы Кеңес Темірұлы мен «Алия» Еврей этномәдени бірлестігінің мүшесі ҚХА ардагері И.Д.Ухова және «Хиуаз» қоғамдық қорының төрайымы  Шахарман Анар сөз сөйлеп, ұлттық бірлікті сақтау, бірегейлік қағидатын ұстану және қалыптасқан тату тірлікті жалғастыру секілді тақырыптар кеңінен қозғалып, жарасымды әңгіме өрбіді. Шара қатысушыларына «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

    https://www.facebook.com/100011441407475/videos/1305731734051370/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер