



Бүгін кітапханада Жазушы, Қазақстанның Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы қазақ халқының ұлы, әйгілі қолбасшысы» атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды, арнайы дайындалған викториналық сұрақтар қойылды.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау Гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттері Дәуренқызы Данара мен Рахметолла Нұрсезім жазушы шығармашылығын жан-жақты талдады, оқырмандар жазушыға арналған арнау өлеңдерін оқыды.
Сондай – ақ Дина Нұрпейісова атындағы халықтық аспаптар оркестрінің орындаушысы Ерімова Аружан әсем күйімен кеш шырайын келтірді.


































