КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Руханият ордасында «Береке бастауы – Наурыз» атты мерекелік кеш өтті.

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы. Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды.

Кеште арнайы кітап көрмесі таныстырылып, қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің ішінде көнеден келе жатқан жоралғылардың бірі – ұршық иіру, жүн түту, тұсау кесу рәсімдері жасалды. Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер туындылары таныстырылды. Оқырмандарға ұмыт боп бара жатқан салт-дәстүрлер туралы сұрақтар қойылып, ұлттық ойындарымыз асық ату және күш сынасу ойындары ойнатылды. Қазақтың ұлттық тағамдары наурыз көже, бауырсақ, тары-талқан және тәттілер ұсынылып, Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әншілері Жасұлан Базарбаев, Мұқашева Шолпан, Самиғолла Ізбасар және Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінің студенттері Жақсылық Қанатжан, Мырзағали Айдын, кітапхана оқырманы, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің студенті Сәлімжан Камила әсем әндерімен көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Кешке қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1278088203288655/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер