15.09.25
Детективті проза авторларының ішіндегі ең танымал жазушы Агата Кристидің туғанына 135 жыл толуына орай «Детектив жанрының патшайымы» атты book tasting өткізілді.
Агата Кристидің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары жазушының «Ғайып болған миллион» кітабын оқып, «Мұрагер», «Арзан пәтердің сыры», «Ғайып болған миллион», «Жұмбақ әзіл», «Күдікті төртеу», «Көк құмыраның сыры», «Куәнің құпиясы» және басқа да әңгімелерінен алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Агата Кристидің әңгімелері арқылы өмірде кездесетін жақсы мен жаман қасиет адамдармен бірге жүретінін, өзінің бас пайдасын ойлап, жеңіл ақша табу үшін адам өмірін қиюға баратын іс-әрекеттердің арты жақсылыққа апармайтынын түсінуге болады. Сол арқылы жазушының детективті шығарма жазудағы ерекшелігін тани аламыз.