Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Экология – табиғат жүрегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Дөңгелек үстелге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экология кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Есенаманова Мансия Санаковна қатысып, экологиялық мәселелерге, жалпыхалықтық эко-челленджге айналған акцияға тоқталып, тренинг жүргізді.
Сонымен қатар шараға Атырау ҚПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі ЮПБ бастығы, полиция майоры Рүстем Боранбаев, Атырау облыстық полиция департаментінің ХСПҚБ ТҚПТ аға инспекторы, майор Сахипов Нұрболат, кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары қатысты.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1953702855118455/