5 маусым – Қазақстанда экологтар күні. Бұл кәсіби мерекенің күні «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңында көрсетілген. Бұл күн қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әр түрлі қоғамдық ұйымдармен экология мәселелеріне назар аудару болып табылады. 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен қабылданған бұл қарарға бүгінде әлемнің 150 – ден астам мемлекеті қол қойған. Конвенция тізімінде Қазақстан да бар. Осы күнге орай, «Экология және табиғат» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Кітапханашы оқырмандарға Қазақстан табиғаты, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, оларды қорғау шаралары туралы мағлұматтар берді.