20.02.25
Бүгін руханият ордасында «Ел тарихын зерделеген» атты тарихшы, өлкетанушы, Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері Шарафутдин Зұлқожа Ғайнеденұлымен кездесу кеші өтті.
Зұлқожа Ғайнеденұлының зерттеуімен жарыққа шыққан «Бөкей орда» (2000 ж.), «Тастөбе соғысы» (2004 ж.), «Еділ-Жайық тарихы» (2008 ж.), «Орал өңірі тарихы» (2010 ж.), «Елқазық» (2016 ж.), «Таубұйрат» (2018 ж.), «Зонадан көшкен колхоздар» (2023 ж.) және т.б тарихи-танымдық кітаптары мен 80-ге жуық ғылыми-публистикалық мақалалары бар.
Шара барысында осы тарихи зерттеулері туралы сөз қозғалып, оқырмандар сұрақтарына жауап алды.
Шараға Шамғонов Амангелді Шамғонұлы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Қуаныш Серік Орынғалиұлы – Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ, автордың замандастары, студенттер, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен кітапханашылар қатысты.
Шара барысында «Ел тарихын зерделеген» атты арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылып, бейнеролик көрсетілді.
https://www.facebook.com/100011441407475/videos/957035149876914/