Кітапханада жырау ақын, Қараұлы Есет бидің туғанына 245 жыл толуына орай «Ел тірегі – ер Есет» атты кітап көрмесі жасақталды. Есет Қараұлы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Қарабау елді мекенінде дүниеге келген. Ол жырау, ақын, би атануымен қатар батыр ретінде де танылады.
Есеттің сөздері мен өсиет – өлеңдері алғаш рет М.Бекмұханбетовтың көзі тірісінде тапсырып, 1908 жылы Қазанда шыққан, «Жақсы үгіт» деп аталатын кітапқа енді. Одан кейін Х.Досмұханметов құрастырып, Ташкентте бастырған «Аламан» жинаққа енді. С.Сейфуллиннің 1931 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті оқулығына», С.Мұқановтың қазақ әдебиетінің тарихы жайында әр жылдарда жазылған ғылыми – зерттеу еңбектеріне енді. 1972 жылы «Ақберен» жинағына, 1977 жылы С.Садырбаев құрастырған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» кітабына, 1981 жылы Х.Сүйінішәлиевтің «18 – 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегіне, «Бес ғасыр жырлайды» жинағының бірінші томына кірді. Әдебиет зерттеушісі ғалым Қ.Сыдиқовтың «Ақын-жыраулар» атты еңбегінде тереңірек қамтылып жазылды. Көрмемен Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары танысты.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/561546593377143/