04.06.25
4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Елдігімнің нышаны – рәміздерім» атты ақпарат алаңын ұйымдастырды. Шараға Атырау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Қыстаубаева Гүланда Орынбасарқызы бастаған ұжым қатысты.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихы мен бүгінін, құндылығы мен арман-мақсатын, батырлығы мен даналығын, өзге елдермен байланыс орнату идеясын білдіретін символдар. Шара мемлекеттік Әнұранмен басталып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және қалыптасу тарихы» жайында мағлұмат беретін видеоролик көрсетіліп, «Мемлекеттік рәміздерді білесіз бе?» атты викториналық сұрақтар қойылды, кітапхана қорындағы рәміздерге байланысты кітап көрмесі де таныстырылды.