24.04.25
Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға Сүндетов Қылышбай Сүндетұлы - «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес мүшесі, «Атырау облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жалмұханов Жасқыран Сәлімжанұлы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Тусипкалиева Айзада Мугиевна «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының мәдени шаралар ұйымдастырушы маманы, сонымен қатар Қ.Дүтбаева атындағы Атырау мемлекеттік гуманитарлық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.
Шарада Ұлы Отан соғысының жалпы тарихы мен қазақ халқының батырлары туралы видео көрсетіліп, кеш қонақтары өскелең ұрпақ санасына ержүрек ерлердің есімі, қаһармандық ерлігі туралы әңгіме өрбітті. Ұлы Отан соғысына арналған кітап көрмесі таныстырылып, шара соңында жеңіс туралы өлеңдер мен әндер орындалды.
https://www.facebook.com/100011441407475/videos/1355662599099603/