21.04.25
Әлемге әйгілі дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туғанына 220 жыл толуына орай «Ертегі патшасы Андерсен» атты ертегі сағаты ұйымдастырылды.
Ертегі сағатына №40 З.Қабдолов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Әсел Берікқызы мен 3 және 5 сынып оқушылары қатысты.
Шарада Ганс Христиан Андерсеннің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. 5 сынып оқушылары күй тартып, 3 сынып оқушылары ертегіден қойылым қойды. Андерсеннің жазған еңбектері оқушыларға насихатталды.