Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының «Ғасырлар қойнауынан» атты сирек әдебиеттерден жасақталған және «Мұраты биік мұнайлы өлке» кітап көрмелерін тамашалап, жұмыс барысымен танысты.
Сонымен қатар кітапханада атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар мен мәселелер талқыланып, кітапханашылар көкейдегі сұрақтары мен өтініштерін де жеткізді.