12.11.2025




Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Гендерлік саясатты іске асыру мәселелері бойынша «Гендерлік теңдік – тұрақты дамудың негізі» атты іс-шара өтті. Шараға Жалмурзина Замзагүл Хиданқызы – Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор-комиссия хатшысы, Құдайбергенова Динара Омарханқызы Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Жарқын Жанұя» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі және Атырау Көлік және коммуникация колледжінің ұстазы мен студенттері қатысты. Оқырмандарға Гендерлік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ақпарат берілді.


































