23.10.24
«Гүлдене бер, Республикам менің!» зияткерлік ойын
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен «Гүлдене бер, Республикам менің!» тақырыбында №38 мектеп-лицейінің оқушылары арасында зияткерлік ойын өтті.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке қарсаңында өткізілген зияткерлік ойынға №38 мектеп-лицейі ұстазы Төленова Алтынгуль Серікқызы мен 8 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар Қазақстан тарихын қамтитын сайыстың "полиглот", "жұмбақ", "мақал-мәтел", "логикалық сұрақтар" турында сауалдарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
https://www.instagram.com/p/DBeiXvLuOzG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==