24.02.25
Советтік дәуірдегі алғашқы қазақ тарихшыларының бірі, тарих ғылымдарының докторы, Одақтық үлкен ғылыми орталықтарға да кеңінен танымал, артына мол мұра қалдырған тұлғалы ғалым Ермұқан Бекмахановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ғұмырын ғылым жолына бағыштаған» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Республикамыздың көрнекті тарихшылары ішінде Қазақстан тарихы мектеп курсының негізін салған бірден бір тарихшы болды. Ол ХХ ғасырдың орта шенінде қазақ тарихына айрықша үлес қосқан тұлға ретінде тарихта қалды.
Кітап көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері мен ол туралы жазылған замандастарының естеліктері, зерттеулері қойылды. Көрмеде орта мектепке арналған «Қазақ СССР тарихы» атты оқу құралдары және көп томдық еңбектері оқырмандарға насихатталды.
Кітап көрмесіне жалпы білім беретін №43 орта мектеп ұстазы Райхан Қанатқызы мен оқушылары, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуминитарлық колледжнің 2 курс студенттері қатысты. Кітапханашы Рүстембекқызы Ақмарал оқырмандарға Ермұқан Бекмахановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы, еңбектері туралы ақпарат берді.
Қатысқан оқырман саны – 30