КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

 

Есімі Атырау атырабына танымал еңбек ардагері, ең алғашқы қызметін ауыл мұғалімінен бастаған, Кеңес заманында Махамбет, Исатай аудандарының партия басшылығында қызмет етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық дамуына зор үлесін қосқан. Сондай-ақ, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы қызметін де атқарған.  Зейнет жасына шыққаннан кейін де, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне  белсене араласқан қоғам қайраткері, Атырау облысының, Атырау қаласының және Махамбет ауданының «Құрметті азаматы», «Парасат» орденінің иегері Мадина Габдусалимқызы бүгін кітапхана оқырмандарына ғибратты ғұмырынан сыр шертті.

Шараға Мадина Габдусалимқызының замандастары, ізбасар сіңілілері және жас оқырмандар қатысып, бүкіл саналы ғұмырын өңір мен елдің дамуына арнаған Мадина Габдусалимқызына өмірі мен қоғамдық қызметі туралы сұрақтар қойды.

Кездесуде Мадина Габдусалимқызы Шәмші Қалдаяқовтың әні мен Төлеген Айбергеновтың сөзіне жазылған «Ақ ерке-Ақ Жайық» әнінің тарихына тоқталса,  Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония әншісі, сазгер, Жетісу облысы, Атырау облысы және Исатай ауданының «Құрметті азаматы», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмайдан Сүндетова Атыраудың гимніне айналған аталмыш әнді әуелете шырқады. Сонымен қатар Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық оркестрінің әншісі Сарсенов Бақытбек Махамбеттің толғауын, күйші Нажекенов Нұрлыбек Құрманғазының «Төремұрат» күйін күмбірлете орындады.

Шара барысында арнайы бейнематериал көрсетіліп, оқырмандармен мағыналы сұхбат құрылды.

Кездесу соңында Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Сара Салахединқызы Измұханбетова кеш қонағы Мадина Габдусалимқызына алғысын білдірді.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/263051710083558/

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер