Бүгін руханият ордасында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен есімдері атыраулықтар арасында құрметпен аталатын, мәдениет саласының ардагерлері Қожағұлова Әсия Сәрсенқызының мерейлі 80 жасқа және Оразова Сәния Өтепқалиқызының 75 жасқа толуына орай «Ғибратты ғұмыр» атты кездесу кеші өтті.
Қос мерейтой иелері де түрлі жауапты қызметтерде болып, абыройлы еңбек етті. Зейнеткерлікке жетіп, құрметті еңбек демалысына шыққасын да олар өмірлік тәжірибесін, ойға түйгенін өзінен кейінгі ізбасарларымен бөлісіп, қоғамнан өз орындарын табуына зор үлес қосты.
Олардың сіңірген еңбегі, ғибратты өмірі кейінгі толқын үшін үлкен өнеге.
Шарада Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтешов Мұрат Сақтайұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесі Сәния Өтепқалиқызына Облыстық ардагерлер кеңесінің «Атырау ардақтысы» төсбелгісін, ал Әсия Сәрсенқызына «Тәлімгер» төсбелгісін табыстады.
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жоламанов Әбіл Тауфикұлы мерейтой иелеріне құттықтау хат пен гүл шоқтарын табыстап, сый-сияпатын көрсетті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясының әншілері Құбашев Болатбек пен Хуанова Алида шара қонақтарына арнап әуелете ән шырқады. Кеш соңында шара қонақтары мерей той иелеріне ізгі тілектерін арнады.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1254368402362303/