14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Мереке 2012 жылдан бері бүкіл әлемде тойланып келеді. Бұл күн кітапты жақсы көретін және басқаларға да кітап оқуға мүмкіндік беретін барлық адамдарды біріктіреді.
Аталмыш мерекеге орай Ішкі саясат басқармасы Ж.Жұмабаеваның «Қазақстан ауыл шаруашылығын кеңестік модернизациялау тарихы (1925-1937 жж.): қаржы-салық саясатының ауыр салдарлыры», «Атырау облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның материалдары (XX ғасырдың 20-50 жылдары)» I, II томдары, «Атырау өңіріндегі саяси қуғын-сүргін» Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Атырау өңірлік комиссиясы мүшелерінің мақалалар жинағы, «Қазақстанның Батыс өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: жаңа деректер мен зерттеу ұстанымдары» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағын, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК «Жайық бойы Алтынорда қалалары» мен «Батыс Қазақстандағы Алтынорда қалалары, керуен сарайлары және керуен жолдары (XIII-XVI ғғ.)» кітабын, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы «XIX-XX ғасырдың басындағы Атырау өңіріндегі мешіт, медреселер мен мектептер» кітап-альбомын, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Дешті Қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы, «XIX-XX ғасырлардағы Атырау тарихы мен мәдениеті» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы, «Мектеп жанындағы музейлердің анықтамалық жинағы», Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы «Күй дүлдүлі» мен Т.Досымовтың «Самала саздар сағымы» кітабын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Oxford Qazaq Dictionary» қазақша-ағылшынша сөздігін Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қорына сыйға тартты.
Кітаптар көпшілік оқырманға арналған. Білім көкжиегімізді кеңейтіп, кітап оқиық қымбатты оқырман!