1 мамыр ҚР халықтарының бірлігі күніне орай «Халықтар достығы – басты құндылық» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.
Оқырман, ардагер ұстаз Сапанов Серік оқырмандарға мерекенің тарихы мен Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылық туралы өз ойымен бөлісті.
Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін көпұлтты мемлекет. Қазақстан халқы барлық ұлттар мен этностық топтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне өзара түсіністік пен құрмет көрсете отырып бейбітшілікте өмір сүреді. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі байланыстарды нығайтуға, түрлі этностық топтардың өкілдерімен ашық диалог орнатуға, елде тұратын адамдардың бірлігінің нығаюын көрсетуге арналған кітап көрмесінде Қазақстанда тұратын барлық этностық топтардың тарихы мен қазіргі өмірін, ұлттардың салт-дәстүр, мәдениеті мен өнерін бейнелейтін материалдар таныстырылып, насихатталды.
Көрмемен кітапхананың тұрақты оқырмандары танысты.