Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды міндет атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар, химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Химиялық технологиялар мен материалдарды шаруашылықтың барлық салаларында кең қолдануды химияландыру деп атайды. Химия өнеркәсібі қорларды өңдеп қана қоймайды. Ол әртүрлі химиялық заттар,соның ішінде қымбат әрі тапшы табиғаттағы баламаларды алмастыра алатын конструкциялық материалдарды шығарады. Мысалы, машина жасауда кейбір химиялық материалдар қымбат металды алмастырады. Шикізат базасы кең: мұнай, табиғи газ, минералды тұздар, фосфориттер, күкірт, гипс, ауа, су, ағаш, өндіріс қалдықтары, көмір, металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен құрамдастырылады. Халықты тауармен қамтиды. Жер бетіндегі бар тіршілікті қорғайды. Химия өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай «Химия өнеркәсібі – басты сала» атты бейнежазбаны назарларыңызға ұсынамыз.