КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Бүгін ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалы мен Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шара барысында қазақтың біртуар ақын-жазушылары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтың мерей тойларына байланысты «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі», Республикалық «Бір ел – бір кітап» 2024 акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі», «Бір өлке – бір жазушы» 2024 акциясы аясында ақын Нұралы Әжіғалиевтің шығармашылық әлемін насихаттау мақсатында «Нарынның наркескені», қазақтың атақты билерінің бірі Әйтеке бидің туғанына 380 жыл толуына орай «Туралықты тұғыр еткен – Әйтеке» және өлке тарихын насихаттау мақсатында «Сазысың сары даланың, Сарайшығым» атты тұрақты кітап көрмелері таныстырылды.

Сонымен қатар ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Дәулетбаева Әлия Бекежанқызы 2023 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы жұмыс жоспарларына тоқталды.

Қол қойылған меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық: жергілікті ақын-жазушылардың кітап көрмелері мен жәрмеңкелерін ұйымдастыру, бірлескен кездесулер, жобалар мен іс-шаралар және кітап тұсаукесерлерін өткізу, өзге де мәселелерді қамтиды.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/679407784083313/

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер