18.09.25
Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толуына орай «Із тастап аққан бір жұлдыз...» атты әдеби сазды кеш өтті.
Қысқа ғұмырын шығармашылыққа арнаған дара тұлға, артынан өшпес мұра қалдырған Табылды Досымов қазақтан шыққан тұңғыш талантты бард ақын ғана емес, қазіргі заманның шындығын ашық айта білген жырау. Әндері кең байтақ қазақ елінің рухын көтерді.
Әдеби кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалып, әндері де шырқалды.
Шараға ақын, Махамбет сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының Атыраудағы өкілі Дәулетбаева Әлия Бекежанқызы, AtyrauPress сайтының бас редакторы Көшеков Қаршыға Ерсайынұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің сарбаздары, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка коледжінің ұстаздары мен студенттері мен тұрақты оқырмандар қатысты. Сонымен қатар осы тақырып аясында жасақталған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.