15.03.2025
Бүгін 15 наурыз елімізде наурызнаманың он күндігі бойынша Қайырымдылық күні атап өтілуде.
Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Өз кезегінде Наурыз – адам бойындағы осы асыл қасиеттерді біріктіретін, ізгілікке жол ашатын мейрамдардың бірі. 15 наурызды Қайырымдылық күні деп белгілеу – Наурыз мейрамының қадірін арттыра түскендей.
Осы орайда Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – қайырымдылық күніне орай №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық акциясын өткізді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада кітап көрмесі насихатталып, әсем ән шырқалды. Кітапхана атынан сыйға кітаптар ұсынылды.
Қатысқан адам саны – 15
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/2487196728339134/