Қазақ әдебиетінің алтын қорына құлашы ерен, тынысы терең эпикалық құндылықтар қалдырған Өтебай Қанахинның әр шығармасының оқиғасы ширақ та тартымды бейнеленген. Туған жер ата-жұртын қара сөзбен тебірене толғаған көрнекті қаламгер, Ырғыз елінің аймаңдай перзенттерінің бірі.
Кітапханамызда Өтебай Қанахинның туғанына 100 жыл толуына орай «Қаламы қарымды қаламгер» атты тақыраппен кітап көрмесі жасақталды.
Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің 2 курс студенттері Өтебай Қанахинның «Құдірет», «Дәмелі», «Хочу людям счастья», «Ата қоныс», «Қарт сарбаз хикаясы», «Бақыт бәйшешегі», «Жер басып жүрсем» т.б. көптеген шығармаларымен жақын таныс болды.
Кітап көрмесінің мақсаты журналист, жазушы Өтебай Қанахинның өмірі мен еңбек жолын айта отырып, өскелең ұрпаққа оның шығармашылығын насихаттау.