3.04.25 сағат 11.00
Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау мақсатында, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Қазақ прозасының дарабозы» атты кітап көрмесі жасақталды.
Тәкен Әлімқұлов – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, 1918 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Ол соғыстан кейінгі жылдары әдеби қызметпен айналысып, 1953 жылы М. Горький атындағы әдеби институтты бітірді. Оның шығармашылығында поэтикалық жинақтар да, проза жанрындағы шығармалар да бар, олардың арасында «Ақбоз ат», «Күрең өзен», «Тұлпарлар тағдыры» сияқты кітаптар бар. Әлімқұловтың шығармалары ел психологиясының тереңдігін, дәстүрлі мәдениеттің эпикалық кеңдігін, қоғамның дамуы үшін маңызды тарихи оқиғаларды бейнелейді. Әдебиеттанушы Қансейіт Әбдезұлының айтуынша, Әлімқұлов нағыз ұлы шығармаларды жасаған эпикалық прозаның шебері болған.
Кітапханашы оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріп, кітап көрмесімен таныстырды.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/617269304632054/