КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

01.04.25

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінде композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ сазының сайыпқыраны» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.

Нұрғиса Тілендиев ХХ ғасыр көгінде қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде аса көрнекті шығармалар қалдырып, ұлттық музыка тасқынын өте биік деңгейде бүкіл әлемдік өнер дариясына апарып қосқан ұлы тұлға.  Композитор ән жазумен қатар, хорға арналған туындылар, домбыраға арналған күйлер, эстрадалық оркестрге, халық аспаптары оркестріне лайықтап шығармалар жазды. Ол 500-ден астам музыкалық туындының авторы. Сондай-ақ 50-ден  астам пъеса, спектакльдерге, 20-дан астам фильмге музыка жазған. Күйші-сазгер, ҚР Халық қаһарманы, дирижер көзінің тірісінде-ақ қазақ музыкасының сайыпқыраны атанған еді.

Шараға аталған  колледждің  студенттері мен мұғалімдері қатынасты.  Шара барысында кітапханашы композитордың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді.  Аталған колледждің студенттері Бахытжан Дастан мен Сәпен Райымбек сазгердің шығармаларын орындап кеш шырайын аша түсті. Шара соңында қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған Нұрғиса Атабайұлы туралы жазылған әдебиеттер оқырмандарға таныстырылды.

https://www.facebook.com/100011441407475/videos/1294086861695664/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер