КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО халық әртісі, қазақ ән орындаушылық мектебінің жарқын өкілі, тамаша әншілік мектептің жолы мен дәстүрін жалғастырушы күміс көмей әншілеріміздің бірегейі Бибігүл Төлегенова 95 жаста.
Осыған орай кітапханада «Қазақ өнерінің бұлбұлы» атты ақпараттық сазды сағаты өткізілді. Іс-шараға Саламат Мұқашев атындағы жоғары политехникалық колледжінің 1 курс ПОа-24 студенттері қатысты. Шарада әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, қатысушылар назарына бейнебаян көрсетілді. Бейнебаянда қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенованың әндері шырқалып, театр, кино әлеміндегі шығармашылықтары насихатталып, өзінің естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында студент Нұрбергенұлы Ғазиз талантты ақын Байбота Қошым-Ноғайдың Бибігүл Төлегеноваға арналған «Бұлбұл» жыр-шумақтарын мәнерлеп оқып берді.
https://www.facebook.com/100011441407475/videos/1042179970361199/