КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен №38 мектеп-лицейінің кітапханасында әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Құрманбек Жандарбековтің туғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ сахнасының саңлағы» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

Шараға аталған мектептің жоғары сынып оқушылары қатынасты. Шара барысында кітапханашы қазақ театр өнері ірі қайраткерлерінің бірі, жалпы ұлттық мәдениетімізде өзіндік ой мәнерін, айқын қолтаңбасын, өзгеше үн ырғағы мен рухани із-өрнегін қалдырған Құрманбек Жандарбеков туралы мәліметтерді әңгімесіне арқау етті. Сонымен қатар осы тақырып аясында жасақталған кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды. Шара соңында оқырмандармен кері байланыс жасалып актердің өмірі мен еңбектері туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды және кроссворд құрастырылып оқырмандар назарына ұсынылды.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1239730343759200/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер