Бүгін қазақ геологы, ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың Қанышы» атты танымдық кеш өтті.
Шараға Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы, ҚР жер қойнауының «Құрметті барлаушысы» Маджанов Қуаныш Қабдолұлы, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті және С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Кітапханашы Ақтолқын Хайрошқызы ғалымның өмірі мен қызметі туралы қысқаша мағлұмат берді. Шара қонақтары ғалым туралы білгендерімен бөлісіп, дайындаған бейнематериалдарын да көрсетті. С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттері Қаныш Сәтбаевқа арналған өлең-жырларын мәнерлеп оқып, шара соңында оқырмандар назарына арнайы дайындалған кітап көрмесі таныстырылды. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония әншісі Шолпан Мұқашева әсем әнімен шара қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
.
https://www.facebook.com/100011441407475/videos/506571592316131