КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

06.11.24

Бүгін руханият ордасында Атырау облысы Құрманғазы ауданының өңірлік тарихы жөнінде жазылған, 2020, 2021 жылы «Ағатай», 2024 жылы «Қазақ тілі» баспасынан терілген «Киелі мекен, Қасиетті өлке Құрманғазы» энциклопедиялық анықтамалықтың 1-ші, 2-ші, 3-ші томдығының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шарада туған жердің тарихын кеңінен насихаттауға үлес қосқан қаламгер, осы танымдық кітапты зерделеп, құрастырып, әртүрлі өлке жылнамасындағы  деректерді жинақтап, кітап етіп шығаруда жетекшілік еткен өлкетанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы, кітаптың бас редакторы Өмірзақ Қажымғалиев кітаптың берекелі аймақтың арғы замандағы тарихы, қасиетті жерді тануға, өсу, өркендеу, даму жолдарын, өнегелі тұлғаларының өрелі істерін өскелең ұрпақ қастер тұтып, қадірлеп, біліп жүреді деген мақсатта жазылғандығын тілге тиек етті.

Жаңа танымдық-энциклопедиялық кітаптың тұсаукесер лентасын Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Мұратов Амангелді Хайдарұлы  және Аудандық мәслихат төрағасы Қалиева Гүлжанат Ғаділханқызы, Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Измұханбетова Сара Салахиденқызы, қаламгер, Қазақстан журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, Тауман Амандосов атындағы және Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, республикалық озат өлкетанушы және өренді өлкетану клубының мүшесі Таңатар Дәрелұлы кесті.

Аталмыш шараға өлке ақын-жазушылары, ұстаздар мен Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж студенттері қатысты.

https://www.facebook.com/100011441407475/videos/2268478683518728/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер