08.11.24
Бүгін ақын, публицист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлының "Кіндігімді кескен жер, бесігім болып өскен жер..." атты әдеби-ән кешінде Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы "Атырауым - айбарым, тектілер туған аймағым" атты кітап көрмесін жасақтады.
Кітап көрмесіне ақынның "Мәңгілік қозғалыс", "Ақ пен қара", "Аспаны биік ата жұрт" өлеңдер жинағы мен прозалық шығармалары "Жылдар мен Жолдар", "Жолға шықты жүрегім", "Серпер сезім" атты еңбектері қойылды.
Сонымен қатар ақынның Төлеген Айбергенов, Нұрлан Оразалин, Меңдекеш Сатыбалдиев, Зейнолла Қабдолов, Фариза Оңғарсынова, Күләш Ахметова туралы жазылған өлеңдері мен Өтеген Оралбайұлының шығармашылығы жайында сыр шертетін ақын-жазушылардың кітаптары да кеш қонақтарының назарына ұсынылды.
https://www.facebook.com/100011441407475/videos/897343889036519/