«Кітаппен өткен жаз қызық» жаздық оқу іс-шара жоспары аясында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 30 тамыз - Конституция күніне орай «Конституция – кемелдік кепілі» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті. Шараға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының мүшелері қатысты.
Тарихи-танымдық сағатта деректі фильм көрсетіліп, Ата заңымыз туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ ХVІІ ғасырдағы «Жеті Жарғының» қалыптасуы, елімізде қабылданған Конституциялар тарихы, 1995 жылғы 30 тамыз күні қабылданған бүкілхалықтық референдум туралы айтылып, заң аясында викториналық ойындар ұйымдастырылып, кітап көрмесі насихатталды.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/468565975998471/